Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Ұлттық статистика бюросы Қазақстан халқының санын жариялады

Ресми мәліметке сәйкес, өткен жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда халық саны 245,0 мың адамға немесе 1,3% өсті.

Ұлттық статистика бюросы Қазақстан халқының санын жариялады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 2021 жылдың 1 қаңтарында Қазақстанда халық саны 18 миллион 877 мың 100 адам болды, деп хабарлады Қазақстан Республикасы стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі ұлттық статистика бюросы.

«2021 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша еліміздегі халық саны 18 миллион 877,1 мың адамға жетті, оның ішінде қалалықтар – 11 миллион 149,7 мың (59,1%), ауылдықтар – 7 миллион 727,4 мың адам (40,9%)», – делінген хабарламада.

Ресми мәліметке сәйкес, өткен жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда халық саны 245,0 мың адамға немесе 1,3% өсті.

«2020 жылдың қаңтар-желтоқсанында ең көп жалпы өсім елдің 3 өңірінде тіркелді: Алматы (60,2 мың адам), Нұр-Сұлтан (48,5 мың адам) және Шымкент (38,0 мың адам) қалалары», – деп хабарлады ұлттық статистика бюросы.

Қазір оқып жатыр

Оралда есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында Спартакиада өтіп жатыр

Спартакиада

Абай облысындағы дала өртін сөндіруге тікұшақ тартылды

дала өрті

Алдағы күндері Алматының бірнеше шағынауданында жарық болмайды

жарық сөнеді

БҚО-да жаңа оқу жылына дейін 8 мектеп пайдалануға беріледі

мектеп БҚО