USD
USD
USD

Ұлттық статистика бюросы ескертеді: Халық санағын сылтау еткен алаяқтар үй-үйді аралап жүр

Қазақстанда алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды: ақ көйлек киіп, қолдарына көк сөмке мен куәлік ұстаған азаматтар тұрғындардың үйлеріне келіп, өздерін әкімдік өкілі етіп таныстырады және халық санағын жүргізіп жатқанын айтады.

 Ұлттық статистика бюросы ескертеді: Халық санағын сылтау еткен алаяқтар үй-үйді аралап жүр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ұлттық статистика бюросы бұл адамдардың санаққа ешқандай қатысы жоқ екенін ескертті.

«Санақ жүргізушінің қолында мөрмен куәландырылған тиісті сертификаты, сондай-ақ көк орамал мен 2021 жылғы халық санағының белгілері бар портфель болады. Сонымен қатар сертификатта тіркеу нөмірі болады, оның көмегімен sanaq.gov.kz сайтындағы арнайы іздеу жолына нөмірді енгізу арқылы санақ алушы туралы бүкіл ақпаратты табуға болады», – деп хабарлады олар. Сондай-ақ, респондент 1446 қысқа нөміріне қоңырау шалу арқылы санақ алушының жеке басын тексере алады.

Еске сала отырайық, қазақстандықтардың 1 қыркүйек пен 15 қазан аралығында sanaq.gov.kz мамандандырылған веб-сайтында барлық санақ сұрақтарына онлайн түрде жауап беруге мүмкіншілігі бар. 

Қазір оқып жатыр

Арменияның бұрынғы президенті мен оның ұлы ұсталды

Роберт Кочарян

Көлік жүргізушілерінің шағымынан кейін Павлодардағы бензин сапасы тексеріліп жатыр

Бензин, дизель

Алматыдағы блэкаут: Бектенов оңтүстік өңірлерді электр энергиясымен қамтуды күшейтуді тапсырды

электр

8 мың Ақтөс бар: Қазақстанда үй жануарларына қойылатын танымал есімдер аталды

Ит пен мысық