USD
USD
USD

Ұлттық санақ: Бірқатар қала мен аудандарда үйлерді аралау жұмыстары аяқталды

Еліміздің бірқатар қаласы мен аудандарында үйлерді аралау жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі.

Ұлттық санақ: Бірқатар қала мен аудандарда үйлерді аралау жұмыстары аяқталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Облыс орталықтарының ішінде Түркістан қаласында бірінші болып халық санағы аясында үйлерді аралау жұмыстары аяқталған. Мұнда 220 553 респондент сауалнамадан өтті немесе қамту көрсеткіші 118%-і құраған.

Өңірде сондай-ақ, Кентау мен Арыс қалалары да санақ аясындағы сауалнама жұмыстарын тәмамдады.

Алматы облысының Текелі қаласы да сауал салу шараларын аяқтаған елді мекендердің қатарына енді. Мұнда респонденттер саны 29 509 (100,1%) адамды құраған. Қарағанды облысының Нұра ауданы да сауалнама жүргізу кезеңін аяқтап, респонденттер санын шығарған. Олардың қатары 21 837 немесе 1 тамыздағы жағдай бойынша халық санының 99,4%-ін құрады.

Ал Қызылорда облысындағы Байқоңыр қаласы мен барлық аудандар (Арал, Жалағаш, Жаңақорған, Қазалы, Қармақшы, Сырдария, Шиелі) санақ аясында сауалнама жүргізу шараларын аяқтаған. Байқоңырда 1 тамыздағы дерекке сәйкес, халқының саны 39548 адамды құраса, сауал салу нәтижесінде 39 622-ге (100,2%) жеткені белгілі болды.

Сауалнама кезеңін аяқтаған елді мекендерде нақтылау шаралары қосымша жүргізілетін болады.

28 қазандағы жағдай бойынша халықты санақпен қамту көрсеткіші 18 663 838 адамға немесе 98,1%-ке жетті.

Қамту көрсеткіші бойынша Алматы қаласы көш басында – 108,9%. Яғни, 1 тамыздағы жағдай бойынша мегаполисте тұрақты тұратындардың саны 2 005 496 адамды құраған. Онлайн санақ пен интервьюерлер жүргізген сауалнаманың аралық нәтижелері қазіргі уақытта қалада 2 183 534 респондент бар екенін көрсетті. Сауал салу жұмыстары әлі де жалғасуда.

Осыған ұқсас жағдай Жамбыл (102,2%), Алматы (102,1%), Түркістан (101,5%), Шығыс Қазақстан (101,1%) облыстары мен Шымкент (101,4%) қаласында қалыптасты. Бұл өңірлерде де санақ жұмыстары аяқталған жоқ.

2021 жылғы Ұлттық санақтың негізгі кезеңі Қазақстанда 1 қыркүйектен 30 қазанға дейін өтуде. Қарашаның 8-не дейін санақ өткізу әдістемесіне сәйкес, нақтылау шаралары қарастырылған.

 

 

Қазір оқып жатыр

«Ғалымдар жаппай қуылды» деген ақпарат шындыққа жанаса ма? Ясауи университеті жауап берді

.

2 млрд теңге табыс тапқан: Алматыда Kizdar.net сайтын құрушылар қамауға алынды

Кісен

АҚШ-та жоғалып кеткен қазақстандық жігітке қатысты тың ақпарат айтылды

Әсет Құралбай

Samruk-Kazyna Construction еншілес компаниясын 228,8 млн теңгеге сатпақ

.