Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Ұлттық парктерге арналған жаңа жоба

Қазақстанда Ұлттық парктердегі заңбұзушылықтар туралы жедел желі іске қосылды.

Ұлттық парктерге арналған жаңа жоба
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Енді кез келген азамат ұлттық парктегі жағымсыз әрекеттер, оның ішінде, ағашты заңсыз кесу, заңсыз балық, аң аулау, эко-бекеттерде түбіртек беруден бас тарту, парк қызметкерінің жұмысындағы олқылық және басқа да заңбұзушылықтар туралы фото және бейне ақпарат беру арқылы тікелей хабарлай алады.

«Қазірдің өзінде бізге ұлттық парк жұмысына шағымданып, ескерту айтып жатқандар бар. Әрбір қоңырау бойынша тексеріс жүргізіліп, кемшілік түзетіледі.

Мәселен, бір хабарлама бойынша жедел шара қабылданып, заңбұзушылық жойылды.

Ұлттық парктердегі жағдайды бірге өзгертейік. Тек біріккенде озық нәтижелерге қол жеткізе аламыз!», – деді ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев.

ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті жедел желісінің нөмірі: +7777 6785252.

Жедел желі ватсабына жолданған хабарламада шағым айтушының аты-жөні, сондай-ақ, заңбұзушылық көрінісінің суреті немесе бейнетүсірілімі, ұлттық парктің атауы және орналасқан жері шамамен көрсетіледі.

Осылайша, елдің әрбір тұрғыны еліміздің табиғатын қорғауға және оны сақтауға қатысып, тұрғындар арасында жоғары деңгейдегі туристік мәдениетті қалыптастыруға ықпал ете алады.

Министрлік қарамағындағы мемлекеттік ұлттық табиғи парктер тізімі:

1. Іле-Алатау МҰТП

2. «Көлсай көлдері» МҰТП

3. Шарын МҰТП

4. «Алтын-Емел» МҰТП

5. «Көкшетау» МҰТП

6. Баянауыл МҰТП

7. Қатон-Қарағай МҰТП

8. Сайрам-Өгем МҰТП

9. «Бұйратау» МҰТП

10. Қарқаралы МҰТП

11. Жоңғар-Алатауы МҰТП

Қазір оқып жатыр

Қызылорда облысында заңсыз алтын өндірді деген күдікпен 13 адам қамауға алынды

заңсыз алтын өндірісі

Қазақстан КҚК-ға жасалған шабуылдар салдарынан шамамен 700 млн доллар табыстан қағылды – сарапшы

Мұнай

Щучинскіде 12 адамның өліміне әкелген жарылыс: дәмхана иесі сотта жауап берді

Сот

Алматы прокуратурасы журналист Алехованың жазасын жеңілдетуді сұрады

Александра Алехова