30 Маусым 19:35
...

Ұлттық құрама командалардың оқу-жаттығу жиындары тоқтатылады

Фото:

Оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыру және бақылау үшін құрылған Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің жедел штабы ұлттық құрамалардың оқу-жаттығу жиындарын өткізу мен ұйымдастырудың уақытша тоқтатылатыны туралы ресми түрде мәлімдейді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Алматы, NEGE. 1 шілдеден бастап барлық құрама командалардың оқу-жаттығу жиындары тоқтатылды. Мұндай шешім Қазақстанда коронавирус індетінің өршуіне және көптеген ірі халықаралық жарыстардың кейінге шегерілуіне байланысты қабылданған.

Сонымен бірге, қазіргі таңда жаттығу жиындарын өткізіп жатқан команданың барлығы тоқтатылып, бұдан кейін жоспарланған жиындар өтпейтін болады.

«Маусым айында оқшаулану режимінде бірнеше құрама команда оқу-жаттығу жиындарын сәтті өткізді. Сондай-ақ, тағы бірнеше команда санитарлық-дезинфекциялық талаптарды сақтана отырып спорт нысандарында жаттығуын жалғастыруда.Елімізде эпидемиялық жағдайдың өршіп кетуіне байланысты, сонымен қатар, құзырлы мекемелермен ақылдаса келе жедел штаб тобы құрамалардың жаттығу жиындарын тоқтату туралы шешім қабылдады. Біз жағдайды күнде жіті қадағалап отырмыз. Айта кетерлігі, ҰОК үшін спортшылардың денсаулығы әрдайым бірінші кезекте тұрады", дейді жедел штабтың жетекшісі, спорт дирекциясының директоры Елсияр Қанағатов.

1-29 маусым аралығында 12 спорттық нысанда 26 оқу-жаттығу жиындары өткізілді. Оған 22 ұлттық құрама командалары қатысты. ОЖЖ қауіпсіздік шарасы қатаң сақталған спорт нысандарында  кезең-кезеңімен өтті. Жиынның алдында спортшылар  COVID-19 үшін міндетті тестті тапсырды.

ҰОК аккредитациясынан өткен мамандандырылған спорттық базалар  Қазақстан Республикасы мемлекеттік Бас санитар дәрігерінің 10.05.2020 жылы шығарылған №36 спорттық нысандар, базалар және залдардың жұмыс істеу Алгоритмі,  «Қазақстан Республикасы тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдын алуға байланысты іс-шараларды әрі қарай қаталдату» туралы Қаулысына сай санитарлық-дезинфекциялы режимді қатаң сақтағауымен оқу-жаттығу жиындары өтті.

Тегтер: