Ұлттық құрама боксшылары абыроймен елге оралды
Ұлттық құраманың боксшылары 28 желтоқсанда Қазақстанға оралды. Бангкоктан бас бапкер Мырзағали Айтжановтың басшылығымен команда Алматы халықаралық әуежайына қонды, содан кейін құраманың бір бөлігі Астанаға ұшып келді
, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Алматы, NEGE. Байрақты бәсеке 18-26 қаңтар аралығында өтті. Тайланд төрінде шаршы алаңға шыққан былғары қолғап шеберлеріміздің 5-еуі (үшеуі ерлер және екеуі әйел) алтыннан алқа тақты. Санжар Ташкенбай (49 келі), Нұрсұлтан Алтынбек (54 келі), Махмуд Сабырхан (57 келі), Жасмин Қизатова (70 келі) және Гүлсай Ержан (81 келі) өз салмақтары бойынша чемпион атанды. Сондай-ақ 3 күміс (ерлер) және 12 қола (бес ер және жеті әйел) жеңіп алды. Осылайша, 25 боксшының 20-сы медальге қол жеткізді. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Азия чемпионаты аяқталған соң Қазақстан бокс федерциясының президенті Кеңес Рақышев құрлықтық бәсекеде тамаша нәтиже көрсеткен Ұлттық құрама боксшыларын жеңістерімен құттықтады.
"Барлық спортшыларымызды, жаттықтырушылар штабын және осы бекзат спорттың жанкүйерлерін Ұлттық құраманың жоғары нәтижесімен құттықтаймын! Боксшылар үшін биылғы басты бәсеке – Ташкенттегі әлем чемпионаты және Қытайда өтетін жазғы Азия ойындары. Дәл осы жарыстарға Қазақстан бокс федерациясы мен Мәдениет және спорт министрлігі басымдық беріп, құраманың жұмысына жіті назар аударады", - деді өз сөзінде Кеңес Рақышев.
Бангкокта 22 жасқа дейінгі боксшылар арасында өткен бокстан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте екінші орынға ие болды. Айта кетейік, біздің боксшыларымыздың турнир жеңімпаздары Өзбекстан өкілдерімен жүлде саны бірдей (әрқайсысы 20 медаль). Жалпы, Тайландта құрлықтың 12 елінің боксшылары жеңіс тұғырына көтерілді.
Қазір оқып жатыр
Жамбыл облысында жасөспірімдерді өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген не жағдай?
Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті ауқымды шара өтті
«Әлеуметтік желі арқылы нұсқау берілген»: Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып барған
АТ1 мен Вена биржасы. ForteBank НЕГЕ капиталын жедел көбейтуде?