Ұлттық құндылықтарды ұлықтайтын «Ұлытау»

Алматы Менеджмент университеті Тілдерді дамыту орталығының ұйымдастыруымен 2021 жылдың 01 наурызынан 30 сәуір аралығында 1 курстың 260 студенті «Ұлытау» оқу-танымдық практикасынан өтті.
Алматы, NEGE. «Ұлытау» оқу-танымдық практикасының мақсаты - «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын университетіміздің президенті А.Б.Қожахметовтың бастамасымен ұйымдастырылған «Ұлытау» жобасының аясында іске асырып және студенттердің танымдық қабілеттері мен белсенділігін, зерттеу дағдыларын дамытып, оқу үрдісінде алған білімдерін бекіту және тереңдету болып табылады.
Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан тұтатын жаңа өскелең ұрпақты тәрбиелеу мақсатында «Ұлттық құндылықтар» тақырыбын жан-жақты ашу үшін практика қазақ тілінде кейс әдісімен ұйымдастырылды.
Онда:
салт-дәстүрлерді жаңғырту;
үш тілде білім алу;
үлттық құндылықтардың құлдырауы;
ұлттық-мәдени кодты сақтай білу;
ұлттық дәстүрлі өнерді жастар арасында насихаттау;
көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыру сынды мәселер негізге алынды.
Тапсырмаларыды орындау барысында студенттер:
Ұлттық кітапханаға барып кітаптар қорының құрамы, дәстүрлі және электронды каталогтар, оқу залдарының орналасуы, кітапхана оқырмандарына ұсынылатын қызметтер туралы ақпарат алады;.
мұражайларға, қазақ халқының қолөнершілер орталығына барды;
жылқы клубына барып қазақ халқының ұлттық сусындарының бірегейі – саумал мен қымыздың қалай жасалатынын көрді.
Сондай-ақ, студенттер қазақ халқының салты мен дәстүрлері, ұлттық тағамдары мен ұлттық өнері туралы бейнематериалдар дайындады. Нәтижесінде үздік бейнематериалдар 5 номинация бойынша бағаланып, университеттің арнайы дипломдарымен және сыйлықтарымен марапатталды.