USD
USD
USD

Ұлттық қордың инвестициялық саясаты. Досаев қандай өзгерістер жасайды?

Ұлттық қордың активтерін ұлғайту үшін инвестициялық саясат біртіндеп өзгермек. Ақшаны инвестициялау консерваторлық идеологиядан теңдестірілген саясатқа ауыстырылатын болады. Бірақ, есесіне, тәуекелдер де көбеймек. Бізге ақшаны сақтап қалған маңызды ма, әлде көбейткен дұрыс па?

Ұлттық қордың инвестициялық саясаты. Досаев қандай өзгерістер жасайды?
Фото: NEGE.kz

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында Ұлттық банктің төрағасы Ерболат Досаевқа Ұлттық қордың тиімділігі туралы өте маңызды сұрақ қойды. Досаевтың айтуынша, инвестициялық саясатқа өзгерістер енгізілген.

"Біз консерваторлық көзқарастан неғұрлым теңдестірілген саясатқа көштік. Яғни, біз акцияларға инвестициялау үлесін көбейттік, дамыған елдердің облигацияларындағы үлесімізді қысқартып, дамушы елдердегі салымдарымызды арттырдық. Осының арқасында 2019 жылдың соңына қарай 4,2 миллиард доллар мөлшерінде валюталық кіріс әкелдік. Бұл шамамен 7,3 пайыздық табыс. Біз осы жұмысты 2020 жылы жалғастыруға дайынбыз", - деді Ерболат Досаев.

Ұлттық банк төрағасы президентке алтынның жаңа портфелін құруға қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты. Биыл алтын қоры 2 миллиард долларға өспек. Досаев 2020 жылдың қортындысы бойынша жағымды нәтижеге жетуге ниетті.

Қазір оқып жатыр

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласы

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы