USD
USD
USD

Ұлттық қордан 850 млрд теңге алынбақ

Биыл «Nur Otan» партиясының сайлауалды тұғырнамасындағы міндеттемелерді және Президент тапсырмаларын жүзеге асыру үшін Ұлттық қордан қосымша 850 млрд теңге алынады. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Әлихан Смаилов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ұлттық қордан 850 млрд теңге алынбақ
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Биыл бюджетті нақтылау шеңберінде Ұлттық қордан 850 млрд теңге трансферт тартып, бюджет тапшылығын ЖІӨ-ге 3,5%-ға дейін ұлғайтамыз. Бұл «Nur Otan» партиясының сайлауалды тұғырнамасы аясындағы міндеттемелерді және Мемлекет басшысының тапсырмаларын қаржыландыру үшін керек», - деді Әлихан Смаилов сенаттың жалпы отырысында. 

Оның айтуынша, алдағы уақытта Ұлттық қордан түсетін трансферт көлемі 2 есе қысқарады: 4,5 трлн теңгеден 2,4 трлн (2025 жылы) теңгеге дейін. Айта кетейік, осыған дейін Ұлттық қордан алынатын нысаналы трансферт биыл 1 трлн теңгеден 1,8 трлн теңгеге дейін ұлғайтылған еді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты – Тоқаев

вице-президент

Жезқазған зиратында қабір басындағы топырақ опырылған: әкімшілік себебін түсіндірді

.

Атырауда шенеунік жұмбақ жағдайда көз жұмды

.

Филармонияның экс-басшысы ойыншық тапаншамен ақша айырбастау орнын тонаған

КТК сюжетінен үзінді