USD
USD
USD

Ұлттық қор мұнайдан бөлек 4,2 миллиард доллар кіріс түсірді

Ұлттық қор инвестициялық жолмен 2019 жылы 4,2 миллиард АҚШ доллары көлемінде пайда тапқан. Оған қор нарығы мен акциялардың өсуі сеп болды.

Ұлттық қор мұнайдан бөлек 4,2 миллиард доллар кіріс түсірді
Фото: NEGE.kz

lsm журналы Ұлттық банк валюта активтерінің 3,7 млрд долларға өсіп, шамамен 61,7 млрд долларға жеткенін жазды. «Өткен жылы Ұлттық қордың кірістілігі шамамен 7,4% болды, демек инвестициялық кіріс 4,2 млрд АҚШ долларынан асады. Бұл қор нарығының 25 пайызға өсуімен байланысты. Дамыған елдердің облигациялары шамамен 3 пайызға өсті», - деп мәлімдеді Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова.

Республикалық бюджет қажеттілігі үшін қордан алынатын қаражат мөлшері 3 триллион теңгеден асқан. Бұл кіріс көлемінен 187 млрд теңгеге артық. 2020 жылы қордан бюджетке аударылатын қаржы көлемі 2,7 триллион теңгеге жетпек. Сонымен қатар, Молдабекова ұлттық валютаның нығаюы туралы түсінік берді.

«Теңгенің айырбастау бағамының оң динамикасы ішкі фактор - экспорттаушылардың операциялық шығындарды өтеу үшін валютаны теңгеге айырбастауына, сыртқы фактор - шетелдік инвесторлардың Ұлттық банк ноталарын сатып алуымен байланысты. Теңге мұнай бағасының төмендеуіне қарамастан нығайды».

Ұлттық банк төрағасының орынбасары бағалы қағаздарға инвестиция салатын әлемдік инвесторлардың Қазақстанға деген қызығушылығы артып отырғанын атап өтті. «Шетелдіктердің біздің мемлекеттік бағалы қағаздарға инвестициялары ақпан айының басында 254 млрд теңгеге немесе шамамен 672 миллион долларға жетті», - деді ол.

Қазір оқып жатыр

Қонаев қаласында ретрокөліктер шеруі өтті

Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

«Аса маңызды тарихи сәт»: Алматы облысының әкімі референдумда дауыс берді

Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

GGG Таиландта дауыс берді

GGG

Қазақстанда жаңа Конституция бойынша референдум басталды

.