USD
USD
USD

Ұлттық қор активтері 55 млрд доллардан асты

Ұлттық қордың активтері биылғы қазанның соңында 55,1 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев айтты.

Ұлттық қор активтері 55 млрд доллардан асты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, қазан айында 428 млрд теңгеге нысаналы және кепілдендірілген трансферттерді бөлуді қамтамасыз ету үшін 988 млн АҚШ доллары сатылды.

«Қазанда Ұлттық қорға түсім 103 млрд теңге, оның ішінде шетел валютасында 163 млн АҚШ доллары болды. Бұл айда Ұлттық қордың инвестициялық кірісі нарықты түзетуден кейін қалпына келіп, тек акциялар мен алтынның өсуі есебінен 871 млн. АҚШ доллары болды. Инвестициялық кіріс Ұлттық қор активтерінің теңгерімді аллокациясы есебінен жыл басынан бері қалпына келді және 2 млрд. АҚШ доллары немесе 3,44% болды», - деді Е. Досаев Үкімет отырысында.

Сонымен бірге, алтынвалюта резервтері биылғы қазанның соңында 35,8 млрд АҚШ долларын құрап, бір айда 307 млн АҚШ долларына артқан.

«Алтын портфелі алтын бағасының бір унциясы үшін 1796 АҚШ долларына дейін 3,8%-ке өсуі есебінен 1,2 млрд АҚШ долларына өсті. Еркін конвертацияланатын валютадағы активтер негізінен екінші деңгейдегі банктердің корреспонденттік шоттарындағы қалдықтардың төмендеуі есебінен 854 млн АҚШ долларына азайды. Жалпы халықаралық резервтердің барлығы бір айда 354 млн.АҚШ долларына ұлғайып, 90,9 млрд АҚШ долларын құрады», - деп түсіндірді Ұлттық банк төрағасы.

Қазір оқып жатыр

Денсаулық министрлігі хантавирусқа байланысты үндеу жасады

Хантавирус

Зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегі 79%-ға дейін өсуі мүмкін

Зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегі

Тоқаев: «Орталық Азия – Қытай» форматы ортақ қауіпсіздіктің үйлесімді үлгісі болуы қажет

Тоқаев

Курчатов қаласында балабақшаның 75 қызметкерінің жеке дерегі тарап кеткен

жеке дерек