Референдум Референдум
USD
USD
USD

Ұлттық кеңес мүшелерінің өздері де аң-таң

Ұлттық кеңес отырысына журналистерді кіргізбеуі осы кеңес мүшелерін де қайран қалдырып отыр. Оның себебін кеңес мүшелерінің өздері де білмейтін сыңайлы. Өйткені, нақты сауалымызға мардымды жауап ала алмадық. Жиынның ашық өту мәселесі жайы жұмбақ күйінде қалды.

Ұлттық кеңес мүшелерінің өздері де аң-таң
Фото: NEGE.kz

Тақырыпқа орай: Ұлттық кеңестің отырысына журналистерді НЕГЕ кіргізбеді?

«Әр уақытта бәрі ашық болатын. Неліктен кіргізбегенін білмеймін. Ешқандай себебін көріп отырғаным жоқ. Бұл – қоғамдық комиссия. Бұл құпияларды қарастыратындай мемлекеттік комиссия немесе қауіпсіздік кеңесі емес. Сондықтан есік әрдайым ашық болғаны дұрыс», – дейді қоғамдық кеңестің мүшесі Дос Көшім.

 

Бұл жайт  кеңес мүшелерінің бәріне бірдей ұнамағаны байқалады. Қоғамнан жасыратындай мәселе талқыланбайтынын тілге тиек етеді. Бастапқыда Қоғамдық кеңестің кездесуінде баспасөзбен жұмыс, ашықтығы бірнеше мәрте көтерілген көрінеді.

«Ұлттық кеңестің отырыстары бастан-аяқ баспасөз өкілдерінің қатысуымен өтуі керек. «Ешқандай бөгет жасамайық. Неғұрлым ашық болса, соғырлым жақсы» дегенбіз. Өкінішке қарай, бұл мәселе толықтай қамтылды деп айта алмаймын. Өзім көргенім – бірқатар операторлар отырысты түсіруге жіберілді. Бірақ толыққанды қатысуға мүмкіндік жасалған жоқ», – дейді Расул Жұмалы таңданысын жасырмай.

 

Бұл – соңғы отырыс емес. Болашақта да талқылаулар болатыны анық. Бір қызығы, кеңестің өзінде журналистерге шектеу қою мәселесі мүлде қарастырылмаған екен. Отырыстарды «Хабар», «Қазақстан» телеарналары арқылы тікелей көрсету керектігін айта келе, Расул Жұмалы келесі жолы ұйымдастырушыларға, баспасөз қызметіне, хатшыларына осы уәждерді жеткізуге уәде берді.   

Шадияр Өстемірұлы

 

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

LRT

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Иэн Армитидж

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

Қарашығанақ кен орны

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты

Михал Лабенда