USD
USD
USD

Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жаңа міндеттер жүктелуі мүмкін

Ашық НҚА порталында мемлекет басшысының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қосымша құзыреттер беруді көздейтін Жарлығының-жобасы ашық талқыға шығарылды.

Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жаңа міндеттер жүктелуі мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ашық НҚА порталында ведомствоға мына қызметтер берілетіні жарияланған:

- ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерін, сондай-ақ азаматтық контингентiн мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы ұсыныс жасау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

- Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының профилактикалық есепке алуды жүргізу және профилактикалық бақылауды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

- техникалық барлауға қарсы іс-қимыл қағидаларын әзірлеу және бекіту;

- ақпаратты және техникалық құралдарды қорғау тиімділігінің нормаларын және олардың қорғалуын бағалау әдістемесін әзірлеу және бекіту;

- бөлінген бюджет шегінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақпаратты техникалық қорғау және мемлекеттік құпияларды қорғау саласында мамандар даярлау орталығында мамандарды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстары бойынша оқытушылардың қызметін төлеу үшін 1 академиялық сағатының құнын белгілеу;

- ұлттық қауіпсіздік органдарының қарсы барлау, барлау, жедел-іздестіру қызметін және тергеу әрекеттерін психологиялық сүйемелдеуді ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

- ұлттық қауіпсіздік органдарында әскери қызметшілердің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын сақтауына тексерулерді жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

Жарлық-жоба 19 қыркүйекке дейін көпшілік талқылауда болады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Ухнаагийн Хурэлсух, Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

Ернұр Алмахан

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Балалар тағамы

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?

Сарбаздар, Қазақстан әскері