USD
USD
USD

Ұлттық қауіпсіздік комитеті үш облыста арнайы операция жүргізді

Ұлттық қауіпсіздік комитеті ішкі істер органдарымен және Бас прокуратураның үйлестіруімен бір мезгілде Жетісу, Жамбыл және Түркістан облыстарында арнайы операция жүргізді.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті үш облыста арнайы операция жүргізді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Нәтижесінде заңсыз қару мен есірткі сақтау, бопсалау, заңсыз көші-қон жұмыстарын ұйымдастыру және басқа да ауыр қылмыстарды жасады деген күдікпен топтың 72 мүшесі тергелді.

Олар өз қызметін Қытаймен (Қорғас ШЫХО), Өзбекстанмен (Жібек жолы өткізу пункті) және Қырғызстанмен (Қордай авто өткізу пункті) шекаралас аймақтарда жүргізіп отырған.

Тінту барысында қару оқ-дәрілерімен, қомақты ақша, есірткі, сондай-ақ өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жария етуге жатпайды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан жаһандық тұрақсыздыққа қарамастан инфляцияны төмендету бағытын сақтап отыр

Инфляция

Дания Еспаева «Ақ жол» партиясының төрағасы атанды

Дания Еспаева

Азат Перуашев «Ақ жол» партиясының төрағасы қызметінен кететінін мәлімдеді

Перуашев

Сот «Шымбұлақ» шатқалына көліктің кіруін шектеу Конституцияға қайшы екенін анықтады

Шымбұлақ