Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары тоғайындалды.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Ерғалиұлы Алдажұманов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры лауазымына тағайындалды", - делінген Ақорда хабарламасында.

Ерлан Ерғалиұлы Алдажұманов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті жоғарғы қолбасшылығының өкілі, генерал-майор. Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласында дүниеге келген.

Ф.Э. Дзержинский атындағы Жоғары шекара командалық училищесін бітірген (1987).

Шекара заставасы бастығының орынбасары, өңірлік басқарма бастығының орынбасары, өңірлік басқарма шекаралық бөлімшелері қолбасшысының орынбасары, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің бас штабы бастығы - директордың бірінші орынбасары лауазымдарында офицерлік қызмет атқарған. Орден және медальдармен марапатталған.

Қазір оқып жатыр

Отбасы банк: зейнетақы жинақтарының шегін арттыру ипотекалық өтінімдеріне әсер етпеді

Ұмай

Қазақстанда тұрғын үй саудасы түсіп барады

тұрғын үй нарығы

Атырау облысында полицейлерді тепкілеген үш тұрғын сот залында қамауға алынды

блогер соты

Қазақстанда әкімдіктердің біржолғы төлемін кім алатынын енді ЖИ анықтайды

көмек