USD
USD
USD

Ұлттық қауіпсіздік комитеті: Оқу-жаттығу өтті

12 сәуірде Ұлттық қауіпсіздік органдары Шекара қызметімен қатар, Қарулы Күштердің және Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланының бөлімшелері жауынгерлік (жедел-қызметтік) әзірліктің жоғары дәрежесіне келтірілді, – деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті: Оқу-жаттығу өтті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оқу-жаттығу Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе және Атырау облыстарында өткізілуде.

Негізгі тәжірибелік іс-шаралар Маңғыстау облысының шегінде жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен өткізілетін болады.

Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – жедел-қызметтік дайындық жағдайын және мақсаты бойынша міндеттерді орындау қабілетін тексеру.

Бірінші кезеңде күш-құрылымдарды тағайындалған ауданға жылдам жеткізу жүзеге асырылды. Шекарашылар мен күштік органдардың әскери қызметшілерінің тұрақты орналасу орындарынан мыңдаған шақырым қашықтықта орналасқан бұл жерлер көпшілігі үшін бейтаныс.

Қарулы Күштер мен Ұлттық ұланның бөлімшелерінен бөлінген күш-құралдар Шекара қызметінің жедел бағынысына берілді. Оқу-жаттығулар кезең-кезеңімен өткізілуде.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда кейбір психологтар еңбек өтілінсіз жұмыс істей алады: жаңа стандарт бекітілді

Психолог

Доллар бағамы қайта өсті: теңге неге әлсіреді?

Халықаралық банктен қарыз тарту

Астанада сатып алушыларды 128 млн теңгеге алдаған автосалон директоры сотталды

Автосалондағы клиент пен сатушы

AI & Digital Bridge форумына бюджеттен бір теңге де жұмсалған жоқ – вице-министр

AI & Digital Bridge 2026