USD
USD
USD

Ұлттық халық санағына дайындық жұмыстары жалғасуда

Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев Шымкент қаласының Статистика департаменті мамандарымен бірлесе Спорт шағын ауданының №2,3,4 үйлерін аралап шықты.

Ұлттық халық санағына дайындық жұмыстары жалғасуда
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Түсіндіру жұмыстары барысында тұрғындарға Ұлттық халық санағының қаншалықты маңызды екенін айтып, белсенділік танытуға шақырды.

Аталған жұмыстарға дайындық маусым айында басталып, Сауле, Көркем (Забадам), Көркем (195,275,257) шағын аудандарында үй басқарушыларымен бірлесе жиналыс өткізілген болатын.

Санақ жұмыстарын жүйелеу мақсатында Әл-Фараби ауданында 5 штаб құрылған. Олар ауданға қарасты №15, №19, №35, №77, №129 мектептерде орналасқан. Сондай-ақ Әл-Фараби ауданының әкімі аппараты ғимаратында Статистика департаменті қызметкерлері жұмыс атқаруда. Бүгінде аудан аумағында жалпы 5 нұсқаушы-бақылаушы және 33 интервьюер дайындық жұмыстарын жүргізіп келеді.

Әл-Фараби ауданының барша тұрғындарын осы жылдың 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында өтетін Ұлттық халық санағына белсенді түрде қатысуға шақырамыз.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек