USD
USD
USD

Ұлттық гвардия орынбасар қолбасшысы жанар-жағармай ұрлаған деген күдікке ілінді

ҚР Ұлттық гвардиясының өңірлік бөлімі қолбасшысының орынбасары жанар-жағармай материалдарын ұрлау күдігіне ілінді. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бигайдаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұлттық гвардия орынбасар қолбасшысы жанар-жағармай ұрлаған деген күдікке ілінді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қарағанды облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР ҰҚК қызметкерлерімен бірлесіп, 2020 жылғы 1 тамызда жанар-жағармай материалдарын заңсыз иемдену арқылы мүлікті жымқырғаны үшін күдікке ілінген Қазақстан Республикасы Ұлттық гвардиясының 52859 әскери бөлімі өңірлік қолбасшылығының орынбасарын ұстады», - деді тергеуші. Оның атап өтуінше, қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

 

Қазір оқып жатыр

ҚТЖ қарызы мен чемодандағы долларлар: депутат Наталья Годуновамен сұхбат

Годунова

Шекара маңындағы аймақтарға арнайы мәртебе берілуі мүмкін

Құрылтай

Қазақстан мен WADA допингке қарсы күресте күш біріктірмек

WADA Құрылтайшылар кеңесіне қатысушылар

Мысырда жанармай таситын көлік өртеніп, 31 адам қаза тапты

Оқиға орны