USD
USD
USD

Ұлттық ғылым академиясының вице-президенттері тағайындалды

Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 10 мамырдағы бұйрығымен ҚР президентінің жанындағы ҚР "Ұлттық ғылым академиясы" КЕАҚ вице-президенттері тағайындалды.

Ұлттық ғылым академиясының вице-президенттері тағайындалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Президент жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясы» КЕАҚ вице-президенті Асқар Серқұлұлы Жұмаділдаев академияның «Жер, Ғарыш және коммуникациялар туралы ғылым» бөлімшесінің төрағасы ретінде жұмыс тобымен бірлесіп отандық ғылымды ілгерілетуге атсалысады.

Президент жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясы» КЕАҚ вице-президенті Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаев ҚР ҰҒА «Агробиоресурстар және экология» бөлімшесінің жұмыс тобының төрағасы болып сайланды.

Президент жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» КЕАҚ вице-президенті Ләззат Тасболатқызы Ералиева «Өмір және денсаулық туралы» ғылымдар бөлімшесінің жұмыс тобының төрайымы ретінде отандық ғылымның дамуына үлес қосады.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясы» КЕАҚ Вице-президенті Такир  Оспанұлы Балықбаев академияның «Білім және азаматтық қоғам туралы ғылым» бөлімшесінің жұмыс тобымен бірлесіп отандық ғылымның дамуына атсалысады.

Қазір оқып жатыр

Әйелдер мен балаларды қорғайтын жобаға не кедергі: депутат екі министрлікке талап қойды

Лариса Ли

Қазақстанда құрылыс талаптарын бұзғандарды лицензиясынан айыруы мүмкін

Құрылыс компаниялары

Қазақстанда жаңа мұнай өңдеу зауыты салынуы мүмкін

Атырау мұнай өңдеу зауыты

«Кемшіліктерді мойындаймыз»: «ҚазАвтоЖол» жол саласындағы мәселелерді атады

Алматы облысы әкімдігі