USD
USD
USD

Ұлттық экономика вице-министрі Ілияс Өсеров қамауға алынды

Аты аталмаған дереккөздердің хабарлауынша, Ұлттық экономика вице-министрі Ілияс Өсеров қамауға алынған.

Ұлттық экономика вице-министрі Ілияс Өсеров қамауға алынды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Orda.kz хабарлағандай, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі І.Өсеровке қатысты аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. 2019 жылы ол Алматыдағы коммуналдық мүлікті сауда-саттықсыз сатқан. Сот үкімімен тәркіленген 3 коттедж бен 2 пәтер жалған бағалау есебімен үлестес тұлғаларға арзан бағаға сатылған. Осылайша ол мемлекетке 819 миллион теңге залал келтіріп отыр. 

Ілияс Өсеров 2019 жылдың мамырынан 2022 жылдың наурызына дейін Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Оған дейін 2015-2019 жж. Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы бастығының орынбасары, бастығы болды.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе