Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Ұлттық экономика министрі салыққа рақымшылық танытпақ

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов жеке тұлғаларға былтырғыдай салықтық рақымшылық биыл да жасалатынын мәлім етті. 

Ұлттық экономика министрі салыққа рақымшылық танытпақ
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Өздеріңіз білетіндей, 2019 жылы елімізде салықтық рақымшылық жасалған болатын. Яғни жеке тұлғаларға негізгі қарыз өтелген жағдайда өсімпұлдары кешірілді. Бұл шара рақымшылық салықтың барлық түрін қамтыды. Соның нәтижесінде біздің елдегі 750 мың адамның жалпы сомасы 3 млрд теңгелік өсімпұлы кешірілді. Биыл жеке тұлғалар үшін салықтық рақымшылық ұзартылды. Осы жылдың 2 шілдесінде тиісті заң қабылданды. Ол салықтың үш түрін қамтиды. Атап айтқанда мүлікке салынған салық, жер салығы және көлік құралдары бойынша салық», – деді Руслан Дәленов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуына қарағанда, мұндағы шарт – салық төлеуші жеке тұлғаның 2020 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша өсімпұлы болуы керек.

«Негізгі қарыз өтелген жағдайда өсімпұл кешіріледі. Сонымен қатар өсімпұлы кешірілуі үшін азаматтарға өтініш жазудың керегі жоқ. Өсімпұл салық органдарының есептік жүйесінен автоматты түрде өшіріледі», – деді ол.

Қазір оқып жатыр

Футболдан ұлттық құраманы Грекия мен Арменияның бұрынғы бас бапкері басқаруы мүмкін

Джон ван ’т Шкип

Абай облысында бұрынғы жұбайын соққытаяқпен ұрып өлтірген ер адамға үкім шықты

блогер соты

Марқұм фельдшер Ұлдана Мырзуанның жұбайы жаңа некесіне қатысты пікір білдірді

Әділет Зейнел

Қызылорда облысында заңсыз алтын өндірді деген күдікпен 13 адам қамауға алынды

заңсыз алтын өндірісі