USD
USD
USD

«Ұлттық чемпион болып қала бересің!» Тоқаев Головкинге телефон соқты

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Г.Головкинге телефон соқты. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Р.Желдібай хабарлады.

«Ұлттық чемпион болып қала бересің!» Тоқаев Головкинге телефон соқты
Фото: NEGE.kz

Астана, NEGE. Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпқой бокстан екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағы үшін мексикалық Сауль "Канело" Альвареске қарсы шаршы алаңға шыққан Геннадий Головкинге телефон шалып, оған қолдау көрсетті.

Мемлекет басшысы Геннадий Қазақстанды әлемдік аренада танымал ету үшін зор үлес қосқанын атап өтті.

– Сен жанкүйерлер үшін әлемдегі және еліміздегі ең үздік ұлттық чемпион болдың және чемпион болып қала бересің. Біз сені мақтан тұтамыз! - деді Президент.

Естеріңізге салайық, бүгін таңда жерлесіміз Г.Головкин мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен 12 раунд бойы жұдырықтасып, ұпай санымен ұтылып қалды. 

Қазір оқып жатыр

Саша Барон Коэн «Борат» үшін қазақтардан кешірім сұрады

Борат

К1 жетіп тұр. Нұрбанк НЕГЕ қарыздың жартысын келесі жылы қайтаруы мүмкін?

Nur

Бай азаматтарға салынатын салық: Бектенов бір ай уақыт берді

Олжас Бектенов

Жәрдемақы алу тәртібі өзгереді: енді отбасының қарызы да есепке алынады

Көпбалалы аналар