USD
USD
USD

Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізіледі

Шығыс Қазақстан облысында биыл Ұлттық бірыңғай тестілеу 16 тапсыру пунктінде өткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізіледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бүгінде мектеп түлектері ҰБТ алдындағы соңғы дайындықтарын пысықтауда. Олардың көбісін осы жылы тестілеудің қалай өткізілетіндігі толғандырғаны рас. Жуықта Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да онлайн брифинг өтіп, оқушылар өз сауалдарына жауап алды. ШҚО Білім басқармасының басшысы Сайрангүл Жұмаділова және университеттің оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры Жадыра Қоңырбаева түлектер үшін басты емтиханның қалай өтетіні туралы, сонымен қатар ЖОО-ға құжаттарды тапсыру жайлы егжей-тегжейлі айтып берді.

«Биыл ҰБТ-ға өтініштер онлайн түрде қабылдануда. Мектеп түлектері 10 мамырға дейін өтінім бере алады. Облыс бойынша емтихан 16 тапсыру пунктінде өткізіледі. Форматы өзгерген жоқ, тек қана сақтық шаралар күшейтіледі. Мысалы, былтыр бір аудиторияда 60 студент отырса, биыл 30 түлек кіргізіліп, олар бір-бірінен алшақ отырғызылады. Сондай-ақ оқушылар тепловизор, антисептиктермен қамтамасыз етіледі. Ата-аналар да балаларының емтихан тапсырып жатқанын бақылай алады. Барлығы онлайн көрсетіледі», – дейді Сайрангүл Жұмаділова. Айта кетейік, осы жылы облыс әкімінің 400-ге жуық гранты бөлінбек.

Қазір оқып жатыр

«Грекияда 125 жылға сотталды»: Ақтөбелік ана СІМ-нен көмек сұрады

.

ОПЕК+ құрамындағы жеті ел қыркүйекте мұнай өндіру көлемін арттырады

Мұнай экспорты

Никол Пашинян Армения премьер-министрі қызметіне қайта тағайындалды

.

«Есіктен есікке дейін»: өңірлерде «Әділет» партиясының сайлауалды акциясы өтіп жатыр

.