USD
USD
USD

Ұлттық банкі 33 миллион долларға интервенция жасады

Қазақстан Ұлттық банкі 33 миллион долларға валюталық интервенция жасады.

Ұлттық банкі 33 миллион долларға интервенция жасады
Фото: NEGE.kz

Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова айтты, - деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

Алматы. NEGE. Молдабекова қазіргі жағдайға байланысты ішкі валюта нарығындағы жағдайды тұрақты сақтау үшін Ұлттық банк валюталық интервенция жүргізіп жатқанын айтты.

"Қазіргі уақытта олардың көлемі 33 миллион доллар, жалпы сауда көлемі 155 миллион доллар. Бұл ­– барлық сауда-саттықтың шамамен 20 пайызы", - деді ол.

Төрағаның орынбасары Ұлттық банк қаржы нарығындағы жағдайды, Украинаға қатысты жағдайды мұқият қадағалап отырғанын атап өтті.

"Нарықтың одан ары серпіні көбіне санкциялардың сипаты мен тереңдігіне және олардың Ресей экономикасына әсеріне байланысты", - деп қосты ол.

Еске салайық, қазір елорданың бірқатар ақша айырбастау орындарында доллар 440 теңгеден, Алматыда 441 теңгеден сатылып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Курчатов қаласында балабақшаның 75 қызметкерінің жеке дерегі тарап кеткен

жеке дерек

Қасым-Жомарт Тоқаев Олжас Сүлейменовті 90 жас мерейтойымен құттықтады

Дархан Сатыбалды, Олжас Сүлейменов

20 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Парламент

Атырау облысындағы отбасы қазасы: прокурор оқиғаның мән-жайын айтып берді

отбасы қазасы