USD
USD
USD

Ұлттық банк жұмысында қандай өзгеріс болады?

Ұлттық банк 2023 жылдан бастап экономиканы қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларынан кезең-кезеңімен шығады. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Ұлттық банк басшысы Ерболат Досаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұлттық банк жұмысында қандай өзгеріс болады?
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. «2021 жылы Ұлттық банктің 2023 жылдан бастап экономиканы қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларынан кезең-кезеңімен шығуын ескере отырып, экономиканы кредиттеудің нарықтық қағидаттарын дамыту үшін қажетті жағдайлар жасалатын болады», - деді Е. Досаев. ҰБ мәліметінше, экономикаға кредиттер 2020 жылы ұзақ мерзімді кредиттердің өсуі нәтижесінде 14,6 трлн теңгеге дейін 5,5 пайызға ұлғайды. Ақша-кредит талаптарының жеңілдеуіне қарай және экономиканы қолдау бағдарламалары есебінен экономиканың нақты секторына кредиттік ресурстардың құны 11,4 пайызға дейін төмендеп келеді. «Кәсіпорындарға кредиттер бір жыл ішінде 1,5 пайызға азайғанмен, шағын бизнеске кредиттер 19,3 пайызға немесе 406,4 млрд теңгеге артты. Халыққа кредиттер ипотекалық кредиттер портфелінің 34,3 пайызға немесе 606 млрд теңгеге ұлғаюы есебінен 13,0 пайызға өсті», - деді Ұлттық банк төрағасы.

Қазір оқып жатыр

Қырғызстанда фемицид үшін Қылмыстық кодекске жеке бап енгізу ұсынылды

фемицид

Алматыда жас қыздың үстіне қураған ағаш құлады: полиция қылмыстық іс қозғады

Қылмыстық іс

Алматы соты «журналистерді қамап қойды» деген ақпаратты теріске шығарды

журналистерді қамап қойған

Маңғыстаудағы ауылдардың бірінде сексеннен астам үйдің ауласын су басты

су басу