USD
USD
USD

Ұлттық банк валюта нарығын реттеуге 1,9 млрд доллар бөлген

Былтыр Ұлттық банк валюта нарығын реттеуге шамамен 2 миллиард доллар жұмсады. Бұл туралы қаржы ұйымы төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова хабарлады.

Ұлттық банк валюта нарығын реттеуге 1,9 млрд доллар бөлген
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Молдабекованың айтуынша, бұл қаражаттың басым бөлігі наурыз айында, яғни коронавирус індеті тарала бастағанда бөлінген. Осы кезеңде валютамыз долларға шаққанда 448,5 теңгені құрады. Бұл індет бүкіл әлем экономикаларына кері әсерін тигізді. Мұның салдарын жою үшін Ұлттық банк бірқатар шараны қолға алған. Мәселен, қаржы операцияларын орындау тәртібі өзгертіліп, ақша айырбастау бекеттерінде валютаны сатып алу-сату шектері бекітілді. Қиыншылықтарға қарамастан банктің алтын қоры 6,7 миллиард долларға ұлғайды. «Халықаралық сарапшылардың пікірінше, биыл дамып келе жатқан елдердің экономикасы қалпына келуі тиіс», - деді Әлия Молдабекова.

Қазір оқып жатыр

Депутат: Заң бұзған кез келген азамат жауапқа тартылуы тиіс

NAVAI

Алматыда екі қабатты ғимараттың шатыры өртеніп, төрт адам ауруханаға жеткізілді

Жедел жәрдем

160 мың тоннадан астам мұнай өнімі шетелге танкермен заңсыз тасымалданған

мұнайды заңсыз экспорттау

2027 жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек беру талаптары өзгереді

Ақша