USD
USD
USD

Ұлттық Банк қайта құрылды

2020 жылдың 1 қаңтарынан Қазақстанның Ұлттық банкі қайта құрылды. Банктен жаңа дербес құрылым – Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) бөлініп шықты.

Ұлттық Банк қайта құрылды
Фото: NEGE.kz

Бұдан былай ҚНРБА Алматы қаласында орналасады. Ұлттық Банк секілді агенттік те Қазақстан президентіне тікелей бағынып, есеп береді. Ұлттық Банктің бас кеңсесі биыл Нұр-Сұлтан қаласына көшіріледі, ал агенттік Алматыда қалады. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне Қазақстанның орталық банкіннің штатынан 500 адам ауысады.

 

Агенттіктің міндеттері:

  • қаржы нарығын реттеу және дамыту, оның ішінде қаржы ұйымдары қызметінің стандарттарын әзірлеу;

  • қаржы ұйымдарының корпоративтік басқаруын жақсарту үшін ынталандыру;

  • Тұрақты қаржы жүйесін сақтау үшін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарына мониторинг жүргізу.

  • Бұдан бөлек, агенттіктің міндетіне жалпы қаржы нарығына сенімді қолдау және қаржы ұйымдарының қызметі үшін тең жағдай жасау кіреді.

Жаңа агенттіктің қызметкерлері қаржы қызметтерін тұтынушылардың мүддесін қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз етіп, халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруы тиіс. Агенттік жұмыс істеуі үшін жыл сайын 10 миллиард теңге бюджеттік қаржы керек. Бұл ұйымды Мәдина Әбілқасымова басқарады.
 

Тақырыпқа орай: Әбілқасымованың жаңа креслосы: Сарапшылар не дейді?

 

Ұлттық банк базалық ставканы анықтау, ұлттық валютаның бағамын бегілеу және инфляцияны тежеу функцияларын атқарады.

Қазір оқып жатыр

Харри Кейн алғаш рет «Алтын доп» иегері атанды

Харри Кейн

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласы

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»