Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Ұлттық банк еншілес екі ұйымын біріктіруді аяқтады

Ұлттық Банк шешімі бойынша жүргізілген «Баспана» акционерлік қоғамын Қазақстанның орнықтылық қорына қосу арқылы ерікті түрде қайта ұйымдастыру процесі аяқталды.

Ұлттық банк еншілес екі ұйымын біріктіруді аяқтады
Фото: NEGE.kz

Біріккен компания Қазақстанның орнықтылық қоры атын сақтап қалды. Ұлттық Банк мәліметінше, компанияларды қайта ұйымдастыру екінші деңгейдегі банктердің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында қайталанатын функцияларды біріктіру үшін жүргізілді. Енді қолданыстағы және жоспарланып отырған мемлекеттік бағдарламалар бір оператор – Қазақстанның орнықтылық қорына шоғырланатын болады. Бұл біріккен ұйым жұмысының тиімділігі мен ашықтығын арттыруға және сол үшін бөлінетін ресурстарды оңтайландыруға мүмкіндік береді.

Жоғарыда аталған екі компанияны қайта ұйымдастыру процесін бүгін жүргізілген талдаудан кейін Қазақстанның орнықтылық қорына Fitch Ratings халықаралық агенттігі BBB / болжамы «Тұрақты» деңгейіндегі шетелдік және ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді рейтингін берді. Рейтинг компанияның Қазақстан Республикасымен тығыз байланыстары туралы Fitch пікірін білдіреді.

Біріккен компания екінші деңгейдегі банктерді қаржылық қолдау арқылы банк секторының қаржылық тұрақтылығына жәрдем көрсету мен «7-20-25» ипотекалық тұрғын үй бағдарламасын орындау бойынша жұмысын жалғастырмақ. 

Қазір оқып жатыр

Қостанай облысында Тобыл өзеніне ер адам мен кәмелетке толмаған қыз батып кетті

.

Электр қуатының өшуі Қазақстанның оңтүстігіндегі энергожүйе үшін сынақ болды

Алматы

17 жыл бойы жасырынып жүрген «Кинг-Конг» 15 жылға сотталды

.

Мақта теріп, қой алған: Threads-те танымал болған оқушы кәсібін қалай бастады

Мал шаруашылығы