Ұлттық банк базалық мөлшерлемені төмендетті
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені жылдық 9% деңгейіне дейін төмендету туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ұйымның баспасөз қызметі.
Алматы, NEGE. Осылайша өтімділікті ұсыну бойынша тұрақты қол жеткізу операциялары бойынша мөлшерлеме 10,5% және өтімділікті алу бойынша тұрақты қол жеткізу операциялары бойынша мөлшерлеме 7,5% болады.
«Базалық мөлшерлеменің төмендеуі ағымдағы жылғы мамыр-маусымдағы болжамдық раунд шеңберінде күтілгенге қарағанда 2020 жылғы бірінші жартыжылдықта проинфляциялық тәуекелдердің әлсіреуіне және экономикалық белсенділіктің барынша күшті қысқаруына негізделді. Карантинді қатаңдату бойынша қабылданған шаралар қосымша дезинфляциялық әсер етеді. Бұл ретте базалық инфляция (trimmed mean) және 2020 жылғы маусымдағы медиандық инфляция барынша қалыпты серпінді, тиісінше 6,1%-ды және 4,4%-ды көрсетеді. Жыл басынан бастап біртіндеп жеделдеуді (2019 жылғы желтоқсанда – тиісінше 5,2% және 4,3%) атап өткен жөн, бірақ, бұл ретте, базалық инфляция көрсеткіштері инфляцияның монетарлық құрауышының барынша қалыпты өсуі туралы белгі бере отырып, жалпы инфляциядан баяу өседі» деп мәлім етті Ұлттық банк.