USD
USD
USD

Ұлттық банк алаяқтардан абай болуды ескертті

Қазақстан Ұлттық банкі алаяқтардың белсенді бола бастағанын ескертті.

Ұлттық банк алаяқтардан абай болуды ескертті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Ұлттық банктің мәліметінше, алаяқтар kazcoins.nationalbank.kz интернет-дүкенінің сатып алушыларына коллекциялық монеталардың санына қойылатын шектеулерді айналып өтеді деген желеумен арнайы бағдарлама сатып алуды ұсынып жатыр.

"Әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі Қазақстан нумизматтарының тақырыптық топтарында алаяқтар "көмекші бағдарламаға" бір реттік жол ашып береміз деп, арнайы төлем жасауды ұсынады. Сөйтіп, ол бағдарлама ҚҰБ интернет-дүкенінен сатып алушылардың себетіне коллекциялық монеталарды кез келген мөлшерде автоматты түрде қосады деп сендіреді", - деп хабарлады банктің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар коллекциялық монеталарды себетке салудағы "сәтті" операциялары бар суреттер көрсетіледі және "көмекші бағдарлама" толығымен қауіпсіз екені туралы жалған ақпарат беріледі.

"Алайда қолма-қол ақшаны алғаннан кейін, алаяқтар вирус немесе басқа да зиянды кодтардан тұратын бағдарламалық жасақтаманы ұсынады. Олардың орындалуы пайдаланушы деректерінің таралып кетуіне немесе жоғалуына әкелуі мүмкін", - деп толықтырды банк.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты Ұлттық банк сақ болуды, ҚҰБ интернет-дүкенімен жұмыс істеу барысында күмәнді бағдарламалық жасақтаманы сатып алмауды және пайдаланбауды сұрайды.

Қазір оқып жатыр

«Ешқайсысына араша түспеймін»: Министр Ақтаудағы хирург пен ата-ана дауына пікір білдірді

Ақмарал Әлназарова

«Центр плова Loft» ісі: 12 адамның өліміне кінәлі үш адамға шығарылған үкім өзгеріссіз қалды

Щучинск

Келер жылдан бастап шетелге жұмыс істеуге шығатын қазақстандықтар есепке алынбақ

Жолаушы

Қазақстанда 70 мың медицина қызметкерінің жалақысына қосымша ақы қосылады

Дәрігер мен науқас