USD
USD
USD

Ұлттық банк 98,1 млн долларға валюталық интервенция жасады

Әлемдік қаржы нарықтарындағы құбылмалылықтың күшеюі аясында және ішкі валюта нарығындағы жағдайдың тұрақсыздануына жол бермеу мақсатында 28 ақпанда KASE қор биржасында сауда-саттық Франкфурт аукционы түрінде өтті. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкі айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық банк 98,1 млн долларға валюталық интервенция жасады
Фото: NEGE.kz

Алматы. NEGE. Франкфурт аукционы тетігі аукционның түпкілікті бағасын айқындауға мүмкіндік береді, ол бойынша мәмілелердің барынша жоғары ықтимал көлемі жасалады және негізсіз құбылмалылықтың алдын алуға бағытталады.

«Аукцион қорытындысы бойынша теңге бағамы бір АҚШ доллары үшін 495,00 теңге деңгейінде қалыптасты. Сауда-саттық көлемі 159,5 млн АҚШ долларын құрады. ҚРҰБ валюталық интервенциялары 98,1 млн АҚШ доллары, ҚРҰБ қатысу үлесі 61,5% болды», – деп хабарлады Ұлттық Банктің Баспасөз қызметі.

Бұған дейін Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:00-де доллардың орташа сараланған бағамы бірден 28,34 теңгеге көтеріліп, 495 теңгеге жеткенін хабарлаған болатын.

Қазір оқып жатыр

Қырғызстанда Қамшыбек Ташиевке үкім шықты

Қамшыбек Ташиев

«Қазселденқорғау» үш облыста сел жүруі мүмкін екенін ескертті

сел

Екі экс-министрдің арызынан кейін Гүлнар Бажкеноваға айыппұл салынды

Гульнара Бажкенова

«Әділет» партиясы Қазақстанның барлық өңіріндегі филиал басшыларын жасақтады

"Әділет" партиясы