USD
USD
USD

Ұлттық валютаны инфляция қарқынының баяулауы қолдап отыр – сарапшылар

6 тамыздағы сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 1,93 теңгеге төмендеп, 1 АҚШ доллары 467,71 теңге болды.

теңге бағамы
Фото: almaty.tv

Астана, NEGE. Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы ұлттық валютаның нығаюына бірнеше фактор әсер етіп отырғанын алға тартады.

«Ұлттық валютаға инфляцияның баяулауы, экспорттаушылар тарапынан шетел валютасы ұсынысының жоғары болуы және Ұлттық банктің операциялары қолдау көрсетуді жалғастырып отыр», – дейді қауымдастық өкілдері.

Бұған қоса, қаржыгерлер мұнай бағасының өсуі мен тоқсандық салық кезеңінің жақындауы да қосымша оң факторға айналғанын атап өтеді. Бұл кезеңде дәстүрлі түрде экспорттан түскен валюталық түсімнің сатылымы артады.

Сондай-ақ сарапшылар әлемдік нарықта Brent маркалы мұнайдың бағасы 3,8%-ға өсіп, барреліне 82,5 долларға жеткенін атап өтіп, бағаның өсуіне Ормуз бұғазы арқылы кеме қатынасына қатысты жаңа геосаяси тәуекелдер себеп болғанын айтады. 

Иран жариялаған жобаға сәйкес, ел Америка және Израиль кемелерінің бұғаз арқылы өтуіне тыйым салуды көздеп отыр. Сондай-ақ Иранға залал келтірген өзге мемлекеттердің кемелері өтемақы төленгенге дейін бұғаздан өте алмайды.

«Осылайша, дипломатиялық жолмен реттеу мүмкіндігіне деген үміт сақталғанымен, нарық әлемдегі мұнай тасымалдайтын негізгі бағыттардың бірі арқылы жеткізілімнің үзілу қаупін қайтадан мұнай бағасына енгізе бастады», – делінген Қауымдастық хабарламасында.

Еске салсақ, бұған дейін Ұлттық банк Қазақстанның валюта нарығы бойынша ай сайынғы ақпараттық талдауын жариялап, шілдедегі жағдайды саралай келе, тамызда теңге бағамына қандай факторлар әсер етуі мүмкін екенін болжаған еді.

Қазір оқып жатыр

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым

«37 іс бойынша тергеп-тексеру басталды»: Қорғаныс министрлігін тексерудің аралық қорытындысы айтылды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті