USD
USD
USD

Ұлттық ұланның жедел бригадасы мен «Бүркіт» жасағы әскери шеруден өтті

Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа елдің ішкі тыныштығын күзететін жасақтар қатысып жатыр, деп хабарлады Kazinform.

Т
Фото: Kazinform

Алматы, NEGE. Шеру алаңында Ұлттық ұланның жедел мақсаттағы І жеке бригадасының салтанатты есептобы сап түзеп барады. Бұл бригада полиция қызметкерлерімен бірге Астана мен оның іргесіндегі ауыл көшелерінде тыныштықты күзетеді. Ірі халықаралық, қоғамдық-саяси және спорттық іс-шаралар кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ететін осылар.

Ұлттық ұланның бетке ұстар жасағы — арнайы мақсаттағы «Бүркіт» ротасы парад алаңында. Өздерін ішкі әскердің элитасы деп санайтын «Бүркіт» жасағы бұл атағын халықаралық деңгейде дәлелдеп жүр. Жақында Ұлттық гвардия арнайы күштерінің командасы Дубайдағы UAE SWAT Challenge халықаралық жарысында алғашқы ондыққа кірді. Бұлар күнделікті қызметінде қарулы қылмыскерлерді залалсыздандыруға, есірткі қылмысына қарсы арнайы операцияларға қатысады.

Айта кету керек, бүгінгі әскери шеруге 4 мыңнан астам әскери қызметші, 200-ден астам әскери техника, 66 ұшу аппараты тартылған.

Сондай-ақ, парадта биыл сатып алған су жаңа Airbus А-400 әскери-көлік ұшағы алғаш рет қатысып отыр. Армиялық Ми-17, Ми-171Ш, Ми-35 және көліктік С-295, Ту-154М, Л-410 ұшақтары, Су-30СМ, Су-25 жойғыш ұшақтары, Л-39 оқу-жауынгерлік ұшағының экипаждары шерудің айбынына әуеден айбын қосуда.

Қазір оқып жатыр

Жаңа оқу жылы: Қазақстан мектептеріндегі өзгерістер қандай?

оқушылар

Атырау облысында 12 мың орындық 7 жаңа мектеп пайдалануға берілді

Атырау облысы жаңа оқу жылы

Ресей «Байқоңыр» мен әскери полигондарды жалға алғаны үшін Қазақстанға 64,8 млрд теңге төлейді

«Байқоңыр» кешенін жалдау ақысы

Қазақстандықтарға «неке мерзімін ұзарту» туралы жалған хабарлама тарады

хабарлама