USD
USD
USD

Ұлттық ұланның кинологы ер адамды құтқарып қалды

Ұлттық ұланның кинологы ер адамды құтқарып қалды, - деп хабарлады Polisia.kz.

К
Фото: polisia.kz

Алматы, NEGE. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5573 әскери бөлімінің ефрейторы Достық Жақсылық батылдық танытып, елордадағы көпір үстінде ерлік жасады. 

Оқиға 21 маусымға қараған түнгі сағат 00:30 шамасында Астананың Көктал көшесіндегі "Сарқырама" көпірінде болған. Жедел қызметке 1996 жылы туған азаматтың көпірдің қоршауынан асып тұрғаны жайлы хабарлама келіп түседі. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам ауыр күйзеліске ұшырап, өз-өзіне қол жұмсамақ болған.

Осы сәтте қызметінен кейін үйіне бет алған ефрейтор Достық Жақсылық көпір үстіндегі күмәнді көрініске назар аударады. Қара жейде киген әскери қызметші бастапқыда көпір үстінде тұрған адамды жай ғана серуендеп жүрген жан шығар деп ойлаған. Алайда жақындай бергенде жағдайдың қалыпты емес екенін аңғарады.

 - Қоршаудың ар жағында тұр екен, тек бір қолымен ғана ұстап тұрды. Ондай сәтте ойланып тұруға болмайды – әрекет ету керек, – дейді ол. Сабырлылық пен байыптылық танытқан кинолог ер адаммен тілдесіп, оның назарын басқа жаққа бұруға тырысады. Сөйлесу арқылы сабасына түсіріп, өмірге деген үміт отын қайта жандыруға ұмтылған. Осы мезетте қасынан өтіп бара жатқан тағы бір азаматпен біріге әрекет етіп, ер адамды қоршаудың бергі бетіне тартып шығарады. Осылайша олар бір адамның өмірін аман сақтап қалды.

Құтқарылған азаматқа дереу медициналық және психологиялық көмек көрсетілді. Қазіргі таңда ол тиісті мамандардың бақылауында.


Қазір оқып жатыр

Президент қазақстандық боксшыларды Азия чемпионатындағы жеңісімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев

Өзбекстандық блогер Бозжырада көлікпен сорға кіргені үшін айыппұл арқалады

Илхомжан Йолчиев

Полицей мен дәрігерге шабуыл жасайтындарға қатаң шара қолдану керек – Тоқаев

полиция есертеді

Құрылтай сайлауы тамызда өтеді

Тоқаев