USD
USD
USD

Ұлттық ұланның әскери қызметшілері кісі өлтірді деген күдіктіні жедел ұстады

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5510 әскери бөлімінің жауынгерлері Көкшетау қаласында кісі өліміне себепші болған күдіктіні жедел түрде қолға түсірді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Ауыр қылмыс туралы хабар жедел басқару орталығына сағат 20:00 шамасында түскен. Марқұмның денесін тауып алған жергілікті тұрғын бірден полицияға хабарлаған. Күдіктіге қатысты бағдар дереу полиция жасақтары мен әскери қызметшілерге таратылды.

– Шұғыл ақпарат түскен бойда іздеу шараларын бастап кеттік. Арада 20 минуттай уақыт өткенде Әуезов көшесінен мас күйде жүрген үш адамды байқадық. Тінту барысында олардың біреуінің қалтасынан қылмыс туралы арыз берген азаматтың жеке куәлігі табылды, – дейді әскери жасақ бастығы аға сержант Жанғазы Шайхин.

Күдіктілердің бірі қашып кетпек болғанымен, ұландықтар оны жылдам ұстап үлгерген. Тінту кезінде ер адамдар агрессивті әрекет етіп, бұйрықтарды орындаудан бас тартқан. Үш күдікті де Көкшетау қалалық полиция басқармасына жеткізілді.

Тексеру барысында күдіктілердің бірі кісі өлтіргенін мойындады.

Қазіргі уақытта аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.

Қазір оқып жатыр

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Арай Есенбек

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

.

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады

әділет партия

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты

Ержан Бабақұмаров