USD
USD
USD

Ұлттық сараптама орталығы бірдей қызметке әртүрлі баға ұсынған

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы жұмысында заңбұзушылықтар анықталғанын хабарлады.

заңбұзушылық
Фото: yandex.kz

Астана, NEGE. Тексеру барысында өлшем құралдарын тексеру қызметтерін ұсынатын компанияның объективті негізсіз әртүрлі баға ұсынғаны анықталған. 

«Бірдей жабдықты салыстырып тексеру құны тапсырыс берушіге байланысты әртүрлі болған, ал баға белгілеу бекітілген прейскурант негізінде жүзеге асырылмаған», – делінген Агенттік хабарламасында.

Осылайша Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығының әрекеттерінен Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабының 2) тармақшасында көзделген үстем жағдайды теріс пайдалану белгілері анықталған.

«Осыған байланысты Департамент Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 199-бабына сәйкес "ҰлтССО" АҚ-ның атына бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу белгілерінің бар екендігі туралы хабарлама жолдады», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Ұлттық орталық заңбұзушылықты жою үшін шаралар қабылдады.

Қазір оқып жатыр

Бұрын істі болған экс-депутат Жұманғариннің штаттан тыс кеңесшісі болды

Болатбек Әлиев

Ақтаудағы нөсерден кейін әкімдік мердігерді сынға алды

Ақтау

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram