USD
USD
USD

Ұлттық құрылтай құрамынан төрт адам шығарылды

Ақорда ұлттық құрылтайдың құрамында ротация жасалғанын хабарлады.

Ротация
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Құрылтайдың құрамына жаңадан қосылған қоғам өкілдері:

Зүлфия Байсақова, Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Дағдарыс орталықтарының одағы» ЗТБ төрайымы;

Аманжол Әлтай, мәжіліс депутаты, «Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық одағы» ҚБ төрағасының бірінші орынбасары;

Сергей Пономарев, мәжіліс депутаты;

Расул Рысмамбетов, қаржыгер, NAC Analytica төрағасы;

Дания Қыдырбаева, Жетісу облысы қоғамдық кеңесінің мүшесі.

Ал Т. Керімқұлов, А. Ерниязова, Н. Қоянбаев пен С. Досжанова ротация аясында ұлттық құрылтай құрамынан шығып кетті.

Айта кетері, Ұлттық құрылтайдың кезекті IV отырысы наурыз айында Ақмола облысында Бурабайда өтеді. Әзірше, нақты күні әлі белгісіз.

Қазір оқып жатыр

Qarmet пен Allur 500 жасты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр

Qarmet

Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты – Тоқаев

вице-президент

Жезқазған зиратында қабір басындағы топырақ опырылған: әкімшілік себебін түсіндірді

.

Атырауда шенеунік жұмбақ жағдайда көз жұмды

.