USD
USD
USD

Ұлттық кітапханаға Абай Құнанбаевтың қолжазбалары мен сирек кездесетін кітаптары қойылды

ҚР Ұлттық кітапханасында ұлы ақын, ойшыл, қазақ әдебиетінің классигі Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған "Адамзаттың Абайы" атты мәдени іс-шаралар өтті, деп хабарлады Sputnik.

Қ
Фото: ғаламтор

Алматы, NEGE. Іс-шара аясында Абайдың сирек кездесетін басылымдары мен музыкалық мұраларына арналған көрме ұсынылды.

Барлығы 30-дан аса сирек кітаптар мен қолжазбалардың ішінде 10-нан аса түпнұсқа еңбек бар. Экспозицияның ең құнды жәдігерлерінің бірі – 1909 жылы Санкт-Петербургте Ильяс Бораганский баспаханасынан жарық көрген алғашқы жинағы. Жинақты құрап, баспаға дайындаған - Абайдың немере інісі Кәкітай Ысқақұлы мен ұлы Тұрағұл. Араб қарпімен терілген бұл басылым мың данамен шыққан. Бүгінде оның төртеуі ғана бар. Соның бірі Ұлттық кітапхана қорында сақталған.

Сондай-ақ "Ғылым ордасы" РМК Орталық ғылыми кітапхананың қорынан Абайдың ерте жарық көрген басылымдары, көркем шығармалары мен музыкалық мұрасын қамтитын материалдар қойылған. Атап айтсақ, 1905 жылы қазақ тілінде, араб әріпімен жазылған Абайдың қолжазбасы және Абайдың әдеби хатшысы Мурсеит Бикеұлының қазақ тілінде, арап әріпімен жазылған "Абайдың шығармалары" атты қолжазбасы бар.

Аталған мерекелік іс-шара барысында "Абай әлем тілдерінде" атты әдеби-сазды кеш, "Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп" жыр кеші, "Абай 14" кітап клубының ашылу салтанаты, "Абайдың соңғы күндері" деректі фильмінің көрсетілімі, "Абайтануға жаңаша көзқарас" жас абайтанушы ғалымдармен кездесу және "Абай бол LIKE" интеллектуалды викторинасы ұйымдастырылды.

Қазір оқып жатыр

Мәскеуден Алматыға бағыт алған SCAT ұшағы Астанаға шұғыл қонуға мәжбүр болды

SCAT шұғыл қонды

Астанада кішкентай бала көлікпен дәмханаға соғылды

Көлік апаты

Түркістанда ойын алаңында екі әйел төбелес шығарып, бірі дене жарақатын алды

Күдікті әйел

Шарын маңында қарақұйрыққа ұқсас бес жануардың ұшасы табылып, қылмыстық іс қозғалды

Инспекторлар, аңшылар және жануарлар ұшасы