Ұлттық қорғаныс университетіне жаңа басшы тағайындалды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Бауыржан Садықұлы Әбжанов Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.
Астана, NEGE. Бауыржан Әбжанов 1968 жылы 10 сәуірде Көкшетау облысы (қазіргі Ақмола) Еңбекшілдер ауданы Мәдениет ауылында дүниеге келген.
1990 жылы КСРО ІІМ Новосибирск жоғары әскери командалық училищесін, 1998 жылы М.В.Фрунзе атындағы Әскери академияны, 2013 жылы Ресей Федерациясы Қарулы күштері Бас штабының академиясын бітірген.
1990 жылдан бастап 2012 жылға дейін взвод командирінен Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлер құрамасының командиріне дейінгі лауазымдарды атқарған.
Әр жылдары Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы, Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығы Әскери кеңесінің хатшысы - инспекторлық-сараптау басқармасының бастығы Ұлттық ұлан академиясының бастығы, Ұлттық ұлан бас қолбасшысының орынбасары болған.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 5 мамырдағы Жарлығымен генерал-майор әскери атағы берілген. Сондай-ақ философия ғылымдарының PhD докторы, Әскери ғылым академиясының профессоры.