USD
USD
USD

Ұлттық қордан балалардың шотына 100 доллардан көп түседі

Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов ұлттық қордың биылғы табысын жариялады.

Ұлттық қор
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов ұлттық қордың биылғы табысын жариялады. Соның тең жартысы 18 жасқа толмаған балаларға таратылады.

Айта кетсек, биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша ұлттық қордың таза табысы 5,3 млрд долларды қамтыды. Соның жартысы 2,6-2,7 млрд доллар болады.

Біз орташа соманы аламыз. Содан соң балалардың саны ескеріледі. Бірақ әрбір баланың есепшотына түсетін ақшаның көлемі бұған дейінгі сомадан көп болады, – деді Тимур Сүлейменов.

Ұлттық банк мамандарының айтуынша, биыл қордың табысы бұған дейінгі кезеңмен салыстырғанда көп болған. Сондықтан келесі жылы қаңтарда 18 жасқа толмаған әрбір баланың есепшотына 100 доллардан артық ақша түседі.

Бүгінде зейнетақы қорындағы ақшаның бір бөлігі доллармен жатыр. Сол себепті осы қордың табысы да өседі деген болжам бар.

Қазір оқып жатыр

Қарағанды облысында қызды топ болып зорлаған бес жасөспірім сотталды

Қылмыстық іс

Ақтауда ерлі-зайыпты интим қызмет көрсететін адамды бопсалап, 3 млн теңге талап еткен

әйел

Журналист Александра Алехованың жазасы жеңілдетіліп, кәсіби қызметімен айналысуға рұқсат берілді

Александра Алехова

Ұсталған Нұрлан Жақыпов пен Елжас Отыншиев туралы не белгілі?

Нұрлан Жақыпов пен Елжас Отыншиев