USD
USD
USD

«Ұлттық қор – балаларға»: БЖЗҚ төлем алатын балалардың тізімін жасады

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасына қатысушылардың тізімін жасады. Қазір Қазақстанда ұлттық қордан 1 ақпанда арнайы шоттарына алғашқы аударымдарды алатын кәмелетке толмаған 7 миллион баланың деректері салыстырылып жатыр.

Ұлттық қор – балаларға
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Екі аптадан кейін Қазақстанда кәмелетке толмағандардың арнайы шоттарына ұлттық қордан төлемдер түсе бастайды. БЖЗҚ жобасының операторы қатысушылардың тізімін жасап қойды.

Биыл қаңтарда 18 жасқа толғандарды қосқанда 7 миллионға жуық бала ақша алады.

"Қазір тізім жасалды. Тізімде 7 миллионға жуық бала бар. Олардың бірқатары — биыл 18 жасқа толатын балалар", - деп хабарлады БЖЗҚ баспасөз қызметі.

Алғашқы төлемдер 1 ақпанда төленеді. Баланың шотына түскен ақшаны электронды үкімет порталынан (egov.kz), Бірыңғай жинақтаушы қорының порталынан (enpf.kz) тексеруге болады.

Қазір оқып жатыр

Конституциялық құндылықтардан жаңа этикаға дейін – Ерлан Қарин ішкі саясаттың негізгі бағыттарын айқындады

.

Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері бір жылда 13,5% азайған

Пәтер кілті

Қазақстандықтар Қытай, Үндістан және бірнеше елде QR-кодпен төлем жасау мүмкіндігіне ие болмақ

QR-код

Қоғам белсендісі Санжар Боқаевтың ісі сотқа жетті

Санжар Боқаев