USD
USD
USD

Ұлттық қауіпсіздік қызметі «мұнай магнаты» Фрэнк Монстрейге іздеу жариялады

Қазақстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі бельгиялық кәсіпкер әрі инвестор Фрэнк Джозеф Монстрейге іздеу жариялады. 

Фрэнк Монстрей
Фото: qamqor.gov.kz

Астана, NEGE. Фрэнк Монстрейге іздеу жарияланғаны туралы ақпарат Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында жарияланды. 61 жастағы кәсіпкерді іздестіру ісі 20 мамыр күні Астана қаласында тіркелген. Іске бастамашы ретінде Ұлттық қауіпсіздік қызметі көрсетілген.

Фрэнк Монстрейдің есімі Nostrum Oil & Gas PLC мұнай-газ компаниясымен байланысты. Ол 2016 жылы осы компанияның директорлар кеңесінің төрағасы ретінде көрсетілген.

Nostrum Oil & Gas PLC Каспий маңы бассейніндегі мұнай мен газды өндірумен, сондай-ақ кен орындарын барлау және игерумен айналысады. Компания Лондон қор биржасында тіркелген.

Nostrum Қазақстанда өз қызметін «Жайықмұнай» ЖШС-нің еншілес компаниясы арқылы жүзеге асырады.

2023 жылы Nostrum Батыс Қазақстан облысындағы Каменское және Каменско-Тепловско-Токаревское кен орындарын игеру құқығына ие «Позитив Инвест» ЖШС-нің 80% үлесін сатып алды. Бұл кен орындары «Дала барысы» атауымен де белгілі.

Компанияның дерегінше, 2005 жылдан бері Nostrum Қазақстан экономикасына 2,5 млрд доллардан астам инвестиция салған. Сондай-ақ компания бюджетке 1 млрд доллардан астам салық төлегенін мәлімдеген.

Бұдан бөлек Nostrum Қазақстанның солтүстік-батысында мұнай мен газды өңдеу, сұйытылған газ және конденсат өндіруге арналған ірі инфрақұрылым салған.

Активтерді қайтару жөніндегі Қазақстан бастамасы (KIAR) мәліметінше, Монстрейдің Бельгияда жылжымайтын мүлік және гольфке қатысты бизнестері бар. KIAR оны «Қазақстандағы мұнай магнаты» деп атайды және Мұхтар Әблязовтың «қуыршақ адамы» болуы мүмкін екені де айтылады.

Қазір оқып жатыр

«Ғалымдар жаппай қуылды» деген ақпарат шындыққа жанаса ма? Ясауи университеті жауап берді

.

2 млрд теңге табыс тапқан: Алматыда Kizdar.net сайтын құрушылар қамауға алынды

Кісен

АҚШ-та жоғалып кеткен қазақстандық жігітке қатысты тың ақпарат айтылды

Әсет Құралбай

Samruk-Kazyna Construction еншілес компаниясын 228,8 млн теңгеге сатпақ

.