USD
USD
USD

Ұлттық ғылым академиясы жаңа академиктерді таныстырды

Бүгін, 27 тамыз күні, Алматы қаласындағы «Ғылым ордасы» ғимаратында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының жаңадан сайланған академиктерін ғылыми қоғамдастыққа ресми таныстыруға арналған салтанатты жиын өтті.

Ұлттық ғылым академиясы
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Іс-шараға 42 ЖОО мен 40-қа жуық ғылыми зерттеу институттарының бірінші басшылары мен өкілдері, сондай-ақ 50-ден астам жас ғалымдар қатысты.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек өз бейнеүндеуінде ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2022 жылғы 1 маусымдағы Ұлттық ғылым академиясына мемлекеттік мәртебе беру арқылы оның рөлін арттыру туралы тапсырмасын еске салды.

Ол бұл тапсырманы іске асыру кезеңдерін, соның ішінде «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құруды және Академияға Президент жанындағы ерекше мәртебе беруді атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Пайда мен қарыз бірге өсуде. Ағайынды Тастекейлер биыл НЕГЕ қарқын алып келеді?

TAS

Қазақстанда туу көрсеткіші төмендеп барады: анти-рейтингті Қызылорда облысы мен ШҚО бастап тұр

нәресте

Kyzdar.net ісі бойынша күдікке ілінген әйел Грузиядан экстрадицияланды

Күдікті

729 казақстандық мемлекеттен алатын жәрдемақыдан өз еркімен бас тартты

көмек