USD
USD
USD

Ұлттық ғылым академиясы жалғыз жоғары ғылыми ұйым болады

Мәжіліс «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң жобасы мен оған ілеспе түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады.

Ұлттық ғылым академиясы
Фото: 2gis.kz

Алматы, NEGE. Жоба «Ғылым туралы» және «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» қолданыстағы заңдардың негізінде жасалды. Заң жобасы Ұлттық ғылым академиясын жоғары ғылыми ұйым етіп қайта форматтауды ұсынады.

Осылайша ол еліміздегі осындай мәртебеге ие жалғыз ұйым болады. Академияның функцияларына әлеуметтік-экономикалық дамудың басымдықтарына сәйкес ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің басым бағыттарын айқындау бойынша ұсынымдар әзірлеу және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру үшін Жоғары ғылыми-техникалық комиссияға ұсынылған ғылыми-техникалық тапсырмаларды сараптау кіреді.

Академияның ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметін қаржыландыру Үкімет айқындаған тәртіппен, сондай-ақ өзге де көздерден жүзеге асырылады. 

Қазір оқып жатыр

Ақмола облысында шенеунік жол жөндеуге бөлінген 78 млн теңгені жымқырды деген күдікке ілінді

сыйақы

«Қамтамасыз етуде мәселе жоқ»: «СК-Фармация» басшысы Әбеновтің мәлімдемесіне жауап берді

сапасы

Алматыда «Ұмай» ипотекасы дүрбелең туғызды: Отбасы банк себебін түсіндірді

кезекте тұрған әйелдер

Иран азаматы асқазанындағы 113 капсула апиынмен Қазақстан аумағына кірмек болған

Күдікті