USD
USD
USD

Ұлттық экономика министрлігі: Қазақстан экономикасы тұрақты өсім көрсетті

ҚР ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасеновтің айтуынша, 2025 жылдың 8 айында ЖІӨ-нің өсімі 6,5%-ды құрады, оның ішінде нақты сектор 8,8%-ға, қызмет көрсету саласы 5,1%-ға өсті.

Ұлттық экономика министрі
Фото: ҰОК

Астана, NEGE. Ең жақсы көрсеткіштерді көлік қызметтері, құрылыс, сауда, сондай-ақ тау-кен және өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы көрсетуде.

«Негізгі капиталға салынған инвестициялар 14,3%-ға өсіп, 11,5 трлн теңгеге жетті. 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда НКИ өсімін қаржылық және сақтандыру қызметі – 204 %, білім беру – 193%, өңдеуші өнеркәсіп – 134%, ауыл шаруашылығы – 129%, көлік – 115%, денсаулық сақтау – 115%, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар – 111% көрсетті», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында.

2025 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанға ТШИ жалпы ағыны 6,6 млрд долларды құрады, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,2 %-ға артық.

Қазір оқып жатыр

«Қыз Жібектің» камзолы Баян Алагөзовада қайдан жүр?

Баян Алагөзова

Тоқаев: Біріккен Ұлттар Ұйымына түбегейлі реформа жасау керек

Қасым-Жомарт Тоқаев

Ақтөбеде 20 күн бұрын жоғалып кеткен баланың денесі өзеннен табылды

Баланы іздеу

«Көліктер жүзіп барады»: Нөсер жаңбырдан Алматы көшелерін су басты

Алматы