USD
USD
USD

Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин сән-салтанат салығын енгізуді ұсынды

Салық кодексінің жобасы бойынша Парламент Мәжілісінің жалпы отырысына Премьер-Министрдің Орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин сән-салтанат салығын енгізуді ұсынды.

Вице-премьер
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Серік Жұманғариннің айтуынша, салықтық реформа аясында кейбір тауар санаттары үшін салық мөлшерлемесін арттыру ұсынылуда, бұл бастама «сән-салтанат салығы» деп аталып отыр.

«Біз «сән-салтанат салығы» деп аталатын тауарлардың жекелеген санаттарына жоғары салық салуды ұсынамыз», – деді ол.

Осылайша, құны 450 млн теңгеден асатын жылжымайтын мүлік нысандарына мүлік салығының мөлшерлемесін арттыру көзделіп отыр. Бұған қоса, құны 75 млн теңгеден асатын жеңіл автокөліктерге, сондай-ақ қымбат теңіз кемелері мен ұшу аппараттарына акциздер енгізу жоспарлануда.

Әділдік мақсатында қымбат алкогольдік ішімдіктер мен сигараларға 10% акциз енгізу ұсынылды.

Қазір оқып жатыр

Бұрын істі болған экс-депутат Жұманғариннің штаттан тыс кеңесшісі болды

Болатбек Әлиев

Ақтаудағы нөсерден кейін әкімдік мердігерді сынға алды

Ақтау

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram