USD
USD
USD

Ұлттық экономика министрі қызметінен кетті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Нурлан
Фото: inbusiness.kz

Алматы, NEGE. "Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Серікұлы Байбазаров Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Ұлттық экономика министрі лауазымынан босатылды" делінген хабарламада.

Нұрлан Серікұлы 1975 жылы 10 қазанда туған.

1997 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Банк ісін ұйымдастыру» мамандығы бойынша бітірген.

23 жылдық жұмыс өтілі бар, оның 7-і «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-да басшылық лауазымдарда. 1997-2003 жылдары ҚР Қаржы министрлігінде жұмыс істеді.

2004 жылдан 2011 жылға дейін жобаларға агенттік қызмет көрсету басқармасының бастығы, инвестициялық жобалар жөніндегі басқарушы директор, корпоративтік даму департаментінің директоры, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Корпоративтік хатшысы лауазымдарын атқарды.

2013 жылдан 2016 жылға дейін ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Экономика салаларын дамыту департаментін басқарды. Бұдан басқа, әр жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «ҚазМұнайГаз Консалтинг» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ жұмыс істеді.

2016 жылдан бастап 2022 жылғы қарашаға дейін «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі және Басқарма төрағасы болды.

2022 жылдың қараша айынан 2023 жылдың қазан айына дейін «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы болды.

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ жалғыз акционерінің 2023 жылғы 05 қазандағы шешімімен Холдингтің Басқарма Төрағасы қызметіне тағайындалды.

2024 жылдың 6 ақпаннан бастап Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды.

Қазір оқып жатыр

Атырауда түрмедегі төбелестен кейін бір адам көз жұмды

түрме

Альпинист Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді

альпинист

Қазақстанда тағы бір блогерге іздеу жарияланды

Ильяр Ювашев

Алматыда ер адам 12 жастағы балаға пышақпен шабуыл жасап, гитарасын тартып алмақ болған

Алматы