USD
USD
USD

Ұлттық денсаулық сақтау операторының қызметі өзгерді

Денсаулық сақтау министрі «Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық операторды, оның функциялары мен өкілеттіктерін айқындау туралы» бұйрыққа өзгеріс енгізді.

Аурухана
Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE. Енгізілген өзгеріске сай, ұлттық оператор қызметіне жаңадан мынандай функциялар қосылды:

– денсаулық сақтау саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша;

– денсаулық сақтау объектілерін медициналық жоспарлау бойынша;

– медициналық пункттер, фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік амбулаториялардың жобалау алды және жобалау-сметалық құжаттамасын, оның ішінде қайта қолданылатын жобаларды пайдалана отырып әзірлеу бойынша қызметті жүзеге асыру;

– медициналық пункттер, фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік амбулаториялар бойынша авторлық қадағалауды жүргізу қызметін жүзеге асыру;

– Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 қарашадағы № 962 қаулысымен бекітілген «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы шеңберінде денсаулық сақтау объектілерін жобалау мен салудың барлық кезеңдерінде мониторинг жүргізу;

– денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту бойынша;

– денсаулық сақтау объектілерін медициналық жобалау бойынша;

Бұйрық 2024 жылғы 26 қарашадан бастап күшіне енеді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Ақтоғай мыс балқыту зауытының құрылысын сапалы жүргізіп, уақытылы аяқтауды тапсырды

Ақтоғай мыс балқыту зауытының құрылысын бастау рәсімі

Қазақстан ТүркПА-ға үлгілік Цифрлық кодексті қабылдауды ұсынды

Құрылтай

«ҚазМұнайГаз» «Өзенмұнайгаз» басшыларының ұсталғанын жоққа шығарды

Өзенмұнайгаз

Диас Кенжебек пара жүзуден Азия рекордын жаңартып, алтын медаль жеңіп алды

Диас Кенжебек