USD
USD
USD

Ұлттық банк жаңа коллекциялық монеталарды таныстырды

Ұлттық банк "Қазақстанды монеталар арқылы таны" сериясынан WORLD PAINTING коллекциялық монеталарын айналымға шығарады, деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

монета
Фото: Ұлттық банктің баспасөз қызметі

Алматы, NEGE. WORLD PAINTING коллекциялық монеталары Dpartners арт-агенттігімен коллаборациялық жоба аясында шығарылады.

Монеталар:

күмістен жасалды, сынамасы – 925/1000. Түрлі-түсті баспа технологиясы қолданылды. Монета массасы – 62,2 грамм, диаметрі – 50 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы – 2 000 теңге. Монеталардың таралымы – 300 дана.

МН 25 нейзильбер қоспасынан жасалды. Түрлі-түсті баспа технологиясы қолданылды. Монета массасы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, дайындау сапасы – brilliant uncirculated, номиналы – 200 теңгелік. Монеталардың таралымы – 5 000 дана.

Күмістен жасалған монеталар мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде Ұлттық банктің сапа сертификатымен кәдесый қаптамасында шығарылады. Мельхиор қоспасынан жасалған монеталар блистерлік қаптамада шығарылады.

"Монеталардың бәрі де Қазақстанның бүкіл аумағында номиналды құнына сай төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға, сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алынуға, аударуға, ұсақталуға және айырбасталуға жатады", - делінген хабарламада.

Монеталардың сатылымға шығарылатын күні туралы ақпарат Ұлттық банктің ресми сайтында қосымша хабарланады.

Айта кетері, коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.

Қазір оқып жатыр

NAVAI мінген көліктен есірткі табылды

NAVAI

Астанада құмар ойынның кесірінен екі шенеунік қызметінен айырылды

Портфель ұстаған шенеуніктер

Жасанды интеллект медианарықты өзгертеді, бірақ жауапкершілік журналистің мойнында қалады – Қанат Ысқақов

Қанат Ысқақов

Қазақстандықтардың деректері шетелге кете ме? Депутат тексеруді талап етті

Ляззат Жылқыбаева