USD
USD
USD

2026 жылы несие алу қиындайды

Ұлттық банк қарыз жүктемесі коэффициентінің (ҚЖК) шекті деңгейін төмендетуді қарастырып жатыр. 

ҰБ
Фото: primeminister.kz

Астана, NEGE. Ведомства басшысы Тимур Сүлейменов бұл мәселеге қатысты шешім 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында қабылданатынын айтты. 

«Біз қарыз жүктемесі коэффициентінің (ҚЖК) шекті деңгейін төмендету қажеттілігін, сондай-ақ есепке алынатын кірістер құрамын өзгерту мүмкіндігін қарастырамыз. Еске салайын, ҚЖК қазіргі мәні – 0,5», – деді ол парламент сенатының пленарлық отырысында.

Қарыз жүктемесі коэффициенті – бұл банктер тұрғындарға несие бергенде ескеретін көрсеткіш. Қазіргі шегі – 50%, яғни адамның барлық несие төлемдері оның айлық табысының жартысынан аспауы керек.

Сонымен қатар, 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Ұлттық банк Қарыз бен табыс коэффициентін (ҚТК) енгізеді, ол банктерге несие алушыларды қатаңырақ бағалауға мүмкіндік береді.

Қазір оқып жатыр

NAVAI мінген көліктен есірткі табылды

NAVAI

Астанада құмар ойынның кесірінен екі шенеунік қызметінен айырылды

Портфель ұстаған шенеуніктер

Жасанды интеллект медианарықты өзгертеді, бірақ жауапкершілік журналистің мойнында қалады – Қанат Ысқақов

Қанат Ысқақов

Қазақстандықтардың деректері шетелге кете ме? Депутат тексеруді талап етті

Ляззат Жылқыбаева